Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 215
- Қабылданған күні
- 21.09.2022
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2022 172206_594773.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22G0029861
- ЭКБ идентификаторы
- 172206
- Редакция идентификаторы
- 172206_594773
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:54
0 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі
7 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
Жамбыл облысы әкімдігінің
2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 215
қаулысына қосымша
2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидия түрлері
Субсидия сомасы,
(мың теңге)
1
2
3
1.
Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:
1.1
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
9408,0
1.2
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
35640,0
2.
Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:
2.1
Тұқы тұқымдас шабағы (30 граммға дейін) – 1 (бір) дана
1500,0
2.2
Албырт тұқымдас ұрықтанған уылдырығы (дана) – 1 (бір) уылдырық
10000,0
2.3
Албырт тұқымдас шабағы (10 граммға дейін) – 1 (бір) дана
21695,0
Барлығы:
78243,0