Құжат мәтініне өту

Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на четвертый квартал 2022 года

Қаулы · № 1943 · қабылданған 26.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-172222/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на четвертый квартал 2022 года Қолданыста Қаулы ·№ 1943 ·26.09.2022
26.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на четвертый квартал 2022 года

Қолданыста Қаулы ·№ 1943 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на четвертый квартал 2022 года
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1943
Қабылданған күні
26.09.2022
Көрсетілген редакция
26.09.2022 172222_593812.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22E0029885
ЭКБ идентификаторы
172222
Редакция идентификаторы
172222_593812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:48

0 Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылдың 4 тоқсанына арналған шекті мәндері

Шымкент қаласы
әкімдігінің
2022 жылғы 26
қыркүйектегі
№ 1943
қаулысына қосымша
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылдың 4 тоқсанына арналған шекті мәндері

Тауар атауы
Өлшем бірлігі
Төртінші тоқсан
(теңге)
1
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
килограмм
300
2
Бірінші сортты бидай ұны
килограмм
193
3
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
килограмм
741
4
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
килограмм
177
5
Рожки (өлшеніп салынатын)
килограмм
297
6
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
килограмм
2542
7
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
килограмм
1066
8
Пастерленген сүт, майлылығы
2,5 %, жұмсақ қаптамада
литр
277
9
Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада
литр
267
10
Сүзбе: майлылығы 5-9 %
килограмм
1842
11
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
дана
35,1
12
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
килограмм
2495
13
Күнбағыс майы
литр
867
14
Ақ қауданды қырыққабат
килограмм
134
15
Басты пияз
килограмм
81
16
Асханалық сәбіз
килограмм
181
17
Картоп
килограмм
166
18
Ақ қант - құмшекер
килограмм
330
19
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа)
килограмм
45

Қолданыстағы