Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 468
- Қабылданған күні
- 21.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2022 173147_597826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22N0030305
- ЭКБ идентификаторы
- 173147
- Редакция идентификаторы
- 173147_597826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:20
0 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстары министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
7 2022 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 21 қазандағы
№ 468 қаулысына
қосымша
2022 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем
бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидиялар сомасы,
мың теңге
1
Отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (тұқы тұқымдас және олардың будандары үшін)
тонна
10
315,0
2
Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (ақ балықтар және олардың будандары үшін (дернәсілдері)
дана
8 000 000
4 000,0
3
Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау
бірлік
26
1 815,0