Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының 2022 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 374
- Қабылданған күні
- 23.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2022 174253_602957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22C0030696
- ЭКБ идентификаторы
- 174253
- Редакция идентификаторы
- 174253_602957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:48
0 Ақтөбе облысының 2022 жылға арналған акваөсірудің
(балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе облысының 2022 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 374 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысының 2022 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидия түрлері
Өлшем бірлігі
Субсидия көлемі
Сомасы
(теңге)
1
2
3
4
5
1
Балық азығын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
килограмм
39 500
3 725 850
2
Балық өсіру материалын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
дана
325 000
3 187 500
3
Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
дана
1
125 000