Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по организациям высшего и (или) послевузовского образования на 2022 год

Бұйрық · № 382 · қабылданған 22.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-175969/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по организациям высшего и (или) послевузовского образования на 2022 год Қолданыста Бұйрық ·№ 382 ·22.12.2022
22.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по организациям высшего и (или) послевузовского образования на 2022 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 382 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по организациям высшего и (или) послевузовского образования на 2022 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
382
Қабылданған күні
22.12.2022
Көрсетілген редакция
22.12.2022 175969_609018.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031232
ЭКБ идентификаторы
175969
Редакция идентификаторы
175969_609018
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:48

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу туралы

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 76 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 27411 болып тіркелген) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу (бұдан әрі – бөлу) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 382 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы
Саны
1.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
17
2.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
13
3.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
6
4.
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
7
Барлығы:
43

Қолданыстағы