О внесении изменения в постановление акимата Бейнеуского района 2023 года 20 октября № 283 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения по Бейнеускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Бейнеуского района 2023 года 20 октября № 283 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения по Бейнеускому району»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 283 «Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 29.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2024 197241_701910.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24MC00118A
- ЭКБ идентификаторы
- 197241
- Редакция идентификаторы
- 197241_701910
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:44
0
Бейнеу ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 283 «Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және «Маңғыстау обылысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 26 наурыздағы №11-11-373 хатына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2023 жылғы 20 қазандағы №283 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Бейнеу ауданы әкімдігінің
2024 жылғы « 29 » сәуірдегі
№118 қаулысына қосымша
Бейнеу ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «20» қазандағы
№283 қаулысына қосымша
Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Р/с
Кәсіпорындардың атауы
Таза кіріс мөлшері
Аударылуға жататын таза кіріс сомасы
1.
2.
3.
«Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бейнеусусервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бейнеуэнергосервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз