Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Талдыкорган на 2023-2024 годы

Өзге акт · № 7-45 · қабылданған 03.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-2024-ekb-184856/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Талдыкорган на 2023-2024 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 7-45 ·03.08.2023
03.08.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Талдыкорган на 2023-2024 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 7-45 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Талдыкорган на 2023-2024 годы
Атауы (қаз.)
Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-45
Қабылданған күні
03.08.2023
Көрсетілген редакция
03.08.2023 184856_646831.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23IA00745M
ЭКБ идентификаторы
184856
Редакция идентификаторы
184856_646831
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:32

0 Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 89 шешімі жойылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Бершінбековке жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

5 Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 03 тамыздағы «Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» № 7- 45 шешіміне қосымша

Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Осы Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы, Қазақстан Республикасының Заңына, «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды.
Жоспар:

1 1. Осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Талдықорған қаласы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

2 2. Осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес, жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

3 3. Осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес, жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын;

4 4. Осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес, жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (өзендер, ағындар, бұлақтарға, су жинау орындарына) қол жеткізу схемасын;

5 5. Осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес, жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

6 6. Осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес, жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны.

7 7. Осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін ескере отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес Талдықорған қаласында 2 ауылдық округ бар. Ауылдық округтерде 2 мал қорымы жұмыс істейді.
Талдықорған қаласының жалпы көлемі – 38311 гектар. Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 21266 гектар;
елді мекен жерлері – 8098 гектар;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 1176 гектар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 28 гектар;
орман қорының жерлері – 106 гектар;
су қорының жерлері – 121 гектар;
босалқыжерлер – 7516 гектар.
Қаланың климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы –11-13°С, шілдеде 22-24°С. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400 мм. Оның басым бөлігі наурыз – мамыр және қараша – желтоқсанда түседі. Жел негізінен солтүстік – шығыс (34%), солтүстік (16%) бағытта басым.
Талдықорған қаласы табиғи жағдайлары бойынша тау етегi-шөлдi-далалық зонаға жатады. Өсімдіктер негізінен жусан-бетегелі-шалғынды.

13 Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына

1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Талдықорған қаласы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

14 Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына

2-қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Жыл­дар
1 қа­ша
2 қа­ша
3 қа­ша
4 қа­ша
2023
көк­тем­гі-жаз­ғы
жаз­ғы
күз­гі
де­ма­ла­тын қа­ша
2024
де­ма­ла­тын қа­ша
көк­тем­гі-жаз­ғы
жаз­ғы
күз­гі

15 Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына

3-қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекараларымен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

16 Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына

4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (өзендер, ағындар, бұлақтарға, су жинау орындарына) қол жеткізу схемасы

17 Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына

5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

18 Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына

6-қосымша
Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы

19 Талдықорған қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына

7-қосымша
Ауылшаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауыл­дық округ­тің ата­уы
2023 жы­л­ғы қа­ша­лар са­ны
1
2
3
4
1
Ер­кін ауыл­дық окру­гі
көк­тем­гі-жаз­ғы (на­урыз-мау­сым)
жаз­ғы
(шіл­де-та­мыз)
Күз­гі
(қыр­күй­ек-қа­ра­ша)
де­ма­ла­тын қа­ша
2
Өте­най ауыл­дық окру­гі
көк­тем­гі-жаз­ғы
(на­урыз-мау­сым)
жаз­ғы
(шіл­де-та­мыз)
күз­гі
(қыр­күй­ек-қа­ра­ша)
де­ма­ла­тын қа­ша

Ауыл­дық округ­тің ата­уы
2024 жы­л­ғы қа­ша­лар са­ны
1
2
3
4
1
Ер­кін ауыл­дық окру­гі
көк­тем­гі-жаз­ғы
(на­урыз-мау­сым)
жаз­ғы
(шіл­де-та­мыз)
Күз­гі
(қыр­күй­ек-қа­ра­ша)
де­ма­ла­тын қа­ша
2
Өте­най ауыл­дық окру­гі
көк­тем­гі-жаз­ғы
(на­урыз-мау­сым)
жаз­ғы
(шіл­де-та­мыз)
күз­гі
(қыр­күй­ек-қа­ра­ша)
де­ма­ла­тын қа­ша

Қолданыстағы