Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования на 2023-2024 учебный год по Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования на 2023-2024 учебный год по Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 24.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2023 185552_650586.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23C000222A
- ЭКБ идентификаторы
- 185552
- Редакция идентификаторы
- 185552_650586
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:08
0 Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 24 тамыздағы
№ 222 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Білім беру саласының коды және сыныпталуы
Жоғары білім берудің даярлау бағытының коды және атауы
2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі
Оқу жылына
1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар
(теңге)
ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында
ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында
1
Бакалавр
6B01 Педагогикалық ғылымдар
6В013 Пәндік
мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
3
1 010 900
901 000
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
2
1 010 900
901 000
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
13
1 010 900
901 000
2
Бакалавр
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6В021 Өнер
3
1 049 300
922 500
6B022 Гуманитарлық ғылымдар
10
1 049 300
922 500
3
Бакалавр
6B04 Бизнес, басқару және құқық
6B041 Бизнес және басқару
2
799 100
714 900
4
Бакалавр
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6B073 Сәулет және құрылыс
2
1 004 700
920 500
5
Бакалавр
6B11 Қызмет көрсету
6B114 Әлеуметтік жұмыс
2
799 100
714 900
6
Резидентура
7R09
Денсаулық сақтау (медицина)
7R09
Денсаулық сақтау
43
1 939 900
1 398 900
Барлығы:
80
-
-