Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Куйганскому сельскому округу на 2023-2024 годы

Өзге акт · № 14/13-VIII · қабылданған 26.12.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-2024-ekb-193294/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Куйганскому сельскому округу на 2023-2024 годы Күшін жойған 18.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Куйганскому сельскому округу на 2023-2024 годы

Күшін жойған Өзге акт № 14/13-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Куйганскому сельскому округу на 2023-2024 годы
Атауы (қаз.)
Құйған ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14/13-VIII
Қабылданған күні
26.12.2023
Көрсетілген редакция
18.06.2026 I193294_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23VN01413M
ЭКБ идентификаторы
193294
Редакция идентификаторы
I193294_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:22
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Құйған ауылдық округі бойынша

жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға
арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Құйған ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Құйған ауылдық округінің 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

Күршім аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№14/13-VІΙΙ шешіміне
қосымша
Құйған ауылдық округінің 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Құйған ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-жоспар), «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар құрамында:

1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Құйған ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);

2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);

3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);

4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);

5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);

6) Құйған ауылдық округі аумағында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);

7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7-қосымша).

Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Күршім ауданының Құйған ауылдық округінде 4 елді мекен бар.
Құйған ауылдық округі 27490 га алаңды алып жатыр, оның ішінде: жайылым - 22762 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 23190 гектар;
елді мекендердің жерлері - 395 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер - 5 гектар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері жоқ;
Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар Құйған, Қайыңды, Қайнарлы, Қарабұлақ елді-мекендерінің тұрғындары болып табылады.
2023 жылдың 1 қаңтарына Құйған ауылдық округінде: ауыл шаруашылығы малдарының саны: ірі қара мал 2155 бас, оның ішінде аналық мал 1469 бас, ұсақ қара мал 5751 бас, жылқы 1163 бас (№ 1 кесте).
Құйған ауылында
ірі қара мал - 320 бас, ұсақ мал - 2029 бас, жылқы - 213 бас.
Құйған ауылы жайылымдарының ауданы - 8078 гектар.
Қайыңды ауылында:
ірі қара мал - 573 бас, ұсақ мал - 1535 бас, жылқы - 313 бас.
Қайыңды ауылының жайылым алаңы - 4446 гектар.
Кайнарлы ауылында:
ірі қара мал - 179 бас, ұсақ мал - 997 бас, жылқы - 153 бас.
Кайнарлы ауылы жайылымдарының ауданы - 13679,5 гектар (№ 1 кесте).
№ 1 кесте

Ауылдық округі
Халық
Барлығы
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқы
лар
Барлығы
Оның ішінде сауын сиырлар
барлығы
Оның ішінде сауын сиырлар
1
Құйған
320
215
2029
213
1072
744
4561
679
2
Қайыңды
573
378
1535
313
3
Қайнарлы
179
151
997
153
Округте ауылшаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызметкөрсету үшін 1 ветеринарлық пункт, 3 мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Құйған ауылдық округі бойынша 22762 гектар жайылым жерлер бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Құйған ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің артықшылығы 19507 гектар. (№ 2 кесте).
№ 2 кесте

Ауылдық округі
Жайылым алаңы, (га)
Сауын сиырлардың бар болуы (бас)
Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га)
Жайылымдардың қажеттілігі, (га)
Артылған, (га)
1
Құйған
26203
744
9,0
6696
19507
Құйған ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 26203 гектар берілді.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша жайылымдық алқап қажеттілігі жоқ, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы - 9,0 га/бас, ұсақ мал - 1,8 га/бас, жылқы - 10,8 га/бас (№ 3 кесте).
№ 3 кесте

Ауыл­дық окру­гі
Ха­лық
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
Мал жа­ю­ға бе­рі­л­ген, (га)
Ар­тық­шы­лы­ғы, (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы (га)
1
Құй­ған
1072
4561
679
9,0
1,8
10,8
9648
8209,8
7333,2
25191
26203
1012
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі (бұдан әрі - ЖШС), Құйған ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал - 1083 бас, ұсақ қара мал - 1190 бас, жылқы - 484 басты құрайды.
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым ауданы 51329 га құрайды (№ 4 кесте).
№ 4 кесте

Жер учас­ке­ле­рі­нің мен­шік ие­ле­рі мен жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
Жал­пы ауда­ны (га)
Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша бар бо­луы
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
Бар­лы­ғы
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы
Ι
ЖШС, ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры
51329
1083
1190
484
9,0
1,8
10,8
9747
2142
5227,2
17116,2
Жиы­ны
Ар­тық­ші­лі­гі 34212,8
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІММ-ірі мүйіздімал;
ҰММ- ұсақ мүйізді мал;
ШҚ – шаруа қожалықтары.

11 Құйған ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Құйған ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарға 1 қосымша
Құйған ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу
схемасы (картасы)

12 Жайылым айналымының қолайлы схемалары

Құйған ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарға 2 қосымша
Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Жылдар
Учаскелер
1
2
3
1
Мал жаю
Мал жаю
Демалыс
2
Мал жаю
Демалыс
Мал жаю

13 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

Құйған ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарға 3 қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

14 Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

Құйған ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарға 4 қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

15 Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Құйған ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарға 5 қосымша
Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

16 Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

Құйған ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарға 6 қосымша
Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

17 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Құйған ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарға 7 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауылдық
округтің
атауы
Жайылымға
малдардын
шығарылу
мерзімі
Жайылымнан
малдардың
қайтарылу
мерзімі
1
Құйған ауылдық
округі
Мамыр айының
1 жартысы
Қазан айының
2 жартысы