Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год

Қаулы · № 1381 · қабылданған 12.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-172788/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 1381 ·12.10.2022
12.10.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1381 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год
Атауы (қаз.)
2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1381
Қабылданған күні
12.10.2022
Көрсетілген редакция
12.10.2022 172788_597068.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NB01381A
ЭКБ идентификаторы
172788
Редакция идентификаторы
172788_597068
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:30

0 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Әкімдіктің
2022 жылғы 12 қазандағы
№ 1381 қаулысына
қосымша
2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімдегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
2
3
4
5
1.
«Лидер-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
378
0,3 %
1
2.
«Аманат Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
1,2 %
1
3.
«ТапСервис2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
46
2,2 %
1
4.
«РАХАТ-2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
135
0,7%
1

Қолданыстағы