Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2023 год
Қолданыста
Қаулы
·№ 425
·
18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 425
- Қабылданған күні
- 21.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2022 173798_600249.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NC00425A
- ЭКБ идентификаторы
- 173798
- Редакция идентификаторы
- 173798_600249
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:20
0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
Қала әкімдігінің
2022 жылғы 21 қазан
№ 425 қаулысына
қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымдардың атауы
Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
квота
жұмыскерлердің тізімдік санынан %
жұмыс орындарының саны (адам)
1.
«ТАЗАРТУ – АРҚАЛЫҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2
1