Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 271
- Қабылданған күні
- 04.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2022 173802_600283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NH00271A
- ЭКБ идентификаторы
- 173802
- Редакция идентификаторы
- 173802_600283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:10
0 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота
Әкімдіктің
2022 жылғы 4 қарашадағы
№ 271 қаулысына
қосымша
2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота
№
Атауы
Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)
Мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)
барлығы
оның ішінде 2023 жылға
1.
«Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
50
2
1
1
-