Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год

Қаулы · № 1047 · қабылданған 11.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-173898/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 1047 ·11.11.2022
11.11.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1047 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год
Атауы (қаз.)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1047
Қабылданған күні
11.11.2022
Көрсетілген редакция
11.11.2022 173898_603693.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22VD01047A
ЭКБ идентификаторы
173898
Редакция идентификаторы
173898_603693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:05

0

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

4 4. «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) қаулының көшірмесін Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Риддер қаласының әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Риддер қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Риддер қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 1047 қаулысына
1-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы
Жұмыскер
лердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Л-ТВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
140
1%
1
2
Риддер қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Водоканал» коммуналдық мемлекеттік қәсіпорны
213
1%
2
3
«Востоктехносервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
142
1%
1
4
«Гемма» Өндірістік-сауда фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
147
1%
1
5
«Волна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
80
1%
1
6
«Востокмонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
160
1%
2
Барлығы:
882
8

10 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Риддер қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 1047 қаулысына
2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы
Жұмыскер-
лердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Успех-Восток» Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
182
1%
2
2
«Риддер ТЭЦ» акционерлік коғамы
264
1%
3
3
«Фирма «Эталон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
143
1%
1
4
«Востокмонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
168
1%
2
Барлығы:
757
8

11 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Риддер қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 1047 қаулысына
3-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы
Жұмыскер-
лердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Service Line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
250
1%
2
2
«Тексти-Лайн Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
231
1%
2
3
«Риддер ТЭЦ» акционерлік коғамы
264
1%
3
4
«Фирма «Эталон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
143
1%
1
5
«Востокмонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
160
1%
2
6
«Л-ТВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
140
1%
1
Барлығы:
1188
11

Қолданыстағы