Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 21.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 173932_601317.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ZE00214A
- ЭКБ идентификаторы
- 173932
- Редакция идентификаторы
- 173932_601317
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:53
0 Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңақала ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан жұмыс орындарына квота белгіленсін:
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес екі пайыз мөлшерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бір пайыз мөлшерінде, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін.
«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 21 қарашадағы
№214 қаулысына 1 қосымша
Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
41
2%
1
7 Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 21 қарашадағы
№214 қаулысына 2 қосымша
Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің «Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
114
1%
1