Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 14.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2022 174361_603891.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22FD00239A
- ЭКБ идентификаторы
- 174361
- Редакция идентификаторы
- 174361_603891
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:03
0 2023 жылға Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетілген Абай ауданы ұйымдарына қосымшаға сәйкес белгіленсін:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдансын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Смағұловқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
5 2023 жылға Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Абай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «14» қараша
№ 239 қаулысына
қосымша
2023 жылға Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері (%)
Жұмыс орындар саны
(бірліктер)
1
Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
58
2
1
2
Абай облысы ветеринария басқармасының «Абай-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
65
2
1
3
Абай облысы білім басқармасының «Абай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
51
2
1
4
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Абай аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
211
3
6
5
Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
57
2
1
6
Абай облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
141
3
4
7
Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
58
2
1