Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 476
- Қабылданған күні
- 25.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2022 174378_603949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22VI00476A
- ЭКБ идентификаторы
- 174378
- Редакция идентификаторы
- 174378_603949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:40
0
Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3 3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасынан айырылған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.
Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 476 қаулысына
1 қосымша
Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасынан айырылған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.
№
Кәсіпорынның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Қызметкерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
«Шахан Ата ӨКФ» ЖШС
130
1
1
2
ШҚО білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Тархан орта мектеп-балабақша» кешені» КММ
55
2
1
3
ШҚО білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка негізгі мектебі» КММ
53
2
1
7 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.
Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 476 қаулысына
2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.
№
Кәсіпорынның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Жұмыскерлердің тізімділік санынан пайыздық мәндегі квотаның
мөлшері
Жұмыс орындар саны
1
«IZOTERM» ЖШС
211
1
2
2
«Шахан Ата ӨКФ» ЖШС
130
1
1
8 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.
Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 476 қаулысына
3 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.
№
Кәсіпорынның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Жұмыскерлердің тізімділік санынан пайыздық мәндегі квотаның
мөлшері
Жұмыс орындар саны
1
«IZOTERM» ЖШС
211
1
2
2
«Шахан Ата ӨКФ» ЖШС
130
1
1