Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по городу Лисаковску на 2023 год

Қаулы · № 453 · қабылданған 22.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-174400/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по городу Лисаковску на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 453 ·22.11.2022
22.11.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по городу Лисаковску на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 453 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по городу Лисаковску на 2023 год
Атауы (қаз.)
Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
453
Қабылданған күні
22.11.2022
Көрсетілген редакция
22.11.2022 174400_603674.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ND00453A
ЭКБ идентификаторы
174400
Редакция идентификаторы
174400_603674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:51

0 Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және рәсми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;

2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Әкімдіктің
2022 жылғы « ___»__________
№ _____ қаулысына
қосымша
Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны,
адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі
квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
79
2%
1
2
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп – лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
82
2%
1
3
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
79
2%
1
4
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
72
2%
1
5
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Лисаков қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
75
2%
1
6
«Уста плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
94
2%
2
7
«Алтын Омир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
78
2%
1
8
Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» өндірістік-шаруашылық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
61
2%
1

Қолданыстағы