Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы на 2023 год

Қаулы · № 178 · қабылданған 24.11.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-174623/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы на 2023 год Күшін жойған Қаулы ·№ 178 ·24.11.2022
18.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы на 2023 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 178 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы на 2023 год
Атауы (қаз.)
2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
178
Қабылданған күні
24.11.2022
Көрсетілген редакция
18.10.2023 I174623_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22DT00178A
ЭКБ идентификаторы
174623
Редакция идентификаторы
I174623_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:46

0 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9–бабының 8) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Кеген ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде 1–қосымшаға сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде 2–қосымшаға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

3. Кеген ауданының әкімдігінің қаулыларының күші жойылған болып танылсын:

1) «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2022 жылғы 15 ақпандағы № 27 Кеген ауданының әкімдігінің қаулысы;

2) «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2022 жылғы 15 ақпандағы № 28 Кеген ауданының әкімдігінің қаулысы;

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кенес Кунесбаевичке жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Кеген ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 24 қараша «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»

№ 178 қаулысына 1-қосымша
Рет саны
Мекеме, кәсіпорын атауы
Белгіленген квота саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Бөлінген квота саны (адам)
1
«Алматы облысының ветеринария басқармасы» ММ-нің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық пунктері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
105
2 %
2
2
«Кеген аудан әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
92
2 %
2
Барлығы:
197
4

9 Кеген ауданының әкімдігінің

2022 жылғы 24 қараша
«Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
№178 қаулысына 2-қосымша
Рет саны
Мекеме, кәсіпорын атауы
Белгіленген квота саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Бөлінген квота саны (адам)
1
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
83
2 %
2
Барлығы:
83
2

Қолданыстағы