Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Сайрамскому району на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Сайрамскому району на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 442
- Қабылданған күні
- 29.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2023 174886_650035.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22UJ00442A
- ЭКБ идентификаторы
- 174886
- Редакция идентификаторы
- 174886_650035
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:37
0 2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар
үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 бабтарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота
Сайрам ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 442 қаулысына қосымша
2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс
орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны) (%)
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлеккеттік коммуналдық кәсіпорны
1951
4
4
2
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Қарабұлақ» Сайрам
аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлеккеттік коммуналдық кәсіпорны
924
4
3
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 13 А.Навои атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
184
3
1
4
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 45 1-Май» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
205
3
1
5
«Стоматологиялық емхана» мемлекеттік емес мекемесі
57
2
1
6
«Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
144
3
2
7
«Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
68
2
1
8
Қазақстан халықтар достығы университеті мекемесінің «Ақсукент көп салалы колледжі» жеке мекемесі
56
2
1
9
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Д,Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорны
162
3
1
10
«Сапа» медициналық орталығы» жеке мекемесі
139
3
1
11
«АХБК»(Алматинский хлопчатобумажный комбинат) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
127
3
1
Барлығы:
4017
17