Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Созакскому району на 2023 год

Қаулы · № 347 · қабылданған 28.11.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-175106/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Созакскому району на 2023 год Күшін жойған Қаулы ·№ 347 ·28.11.2022
06.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Созакскому району на 2023 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 347 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Созакскому району на 2023 год
Атауы (қаз.)
2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша «Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
347
Қабылданған күні
28.11.2022
Көрсетілген редакция
06.09.2023 175106_659050.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22UL00347A
ЭКБ идентификаторы
175106
Редакция идентификаторы
175106_659050
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:40

0 2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша «Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9,27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Созақ ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота

Созақ ауданы әкімдігінің
«28» қарашадағы 2022 жылғы
№347 қаулысына қосымша
2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Ұйымның штаттық құрамы
Квота мөлшері (%)
Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
226
3
4
3
2
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
109
3
2
1
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «М.Әуезов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
61
2
0
1
4
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
187
3
3
3
Барлығы:
583
х
9
8

Қолданыстағы