Об установлении квоты рабочих мест на 2023 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации Казыгуртского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест на 2023 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации Казыгуртского района
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылы Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 345
- Қабылданған күні
- 05.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2023 175177_654176.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22UF00345A
- ЭКБ идентификаторы
- 175177
- Редакция идентификаторы
- 175177_654176
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:21
0 2023 жылы Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 2023 жылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 05 желтоқсандағы
№345 қаулысына қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 2023 жылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйым атауы
Тізімдік саны
Квота мөл
шері (%)
Жұмыс орындарының саны
1.
Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
143
1,4%
2
2.
«Сырлы» шаруа қожалығы
11
9%
1
3.
«Ережеп» шаруа қожалығы
7
14,2%
1
4.
«Кудайбергенов Ж.» жеке кәсіпкер
10
10%
1