Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Жангалинскому району на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Жангалинскому району на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 08.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2022 175178_605867.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ZE00246A
- ЭКБ идентификаторы
- 175178
- Редакция идентификаторы
- 175178_605867
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:12
0 Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар
адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2 2. «Жаңақала ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
5 Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 желтоқсандағы
№246 қаулысына қосымша
Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
70
2%
1
2
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Жаңақала колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
65
2%
1
3
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Карманов «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
62
2%
1
4
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
73
2%
1
5
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
78
2%
1