Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по району Бәйтерек Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 594 · қабылданған 30.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-175189/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по району Бәйтерек Западно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 594 ·30.11.2022
30.11.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по району Бәйтерек Западно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 594 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по району Бәйтерек Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
594
Қабылданған күні
30.11.2022
Көрсетілген редакция
30.11.2022 175189_606859.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZG00594A
ЭКБ идентификаторы
175189
Редакция идентификаторы
175189_606859
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:31

0 Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін:

1 1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2 2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3 3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы (Б.Ахметжанов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Бисакаевқа жүктелсін.

7 Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2023жылғы « » ____________
№___ қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
91
2
1
2
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданың білім беру бөлімі Кадыра Мырза Али атындағы жалпы білім беретін орта қазақ мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
3
3
3
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданың білім беру бөлімінің Зеленов жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
77
2
1
Барлығы
278
-
5

Қолданыстағы