Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест на 2023 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц, освобожденных из мест лишения свободы города Арыс

Қаулы · № 701 · қабылданған 28.11.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-175227/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест на 2023 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц, освобожденных из мест лишения свободы города Арыс Күшін жойған Қаулы ·№ 701 ·28.11.2022
15.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест на 2023 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц, освобожденных из мест лишения свободы города Арыс

Күшін жойған Қаулы ·№ 701 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест на 2023 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц, освобожденных из мест лишения свободы города Арыс
Атауы (қаз.)
Арыс қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
701
Қабылданған күні
28.11.2022
Көрсетілген редакция
15.09.2023 175227_654318.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22UB00701A
ЭКБ идентификаторы
175227
Редакция идентификаторы
175227_654318
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:40

0 Арыс қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңың 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңыңың 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Арыс қаласы әкімдігінің
2022 жылғы __________
____________ №______
қаулысына 1 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санының %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
48
2,08
1
2.
«Ақаба-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
45
2,22
1

9 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Арыс қаласы әкімдігінің
2022 жылғы __________
____________ №______
қаулысына 2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санының %)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Қаблаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
16
6,25
1
2.
«BAKDAULET Company 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
14
7,14
1

Қолданыстағы