Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Иргизскому району на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Иргизскому району на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 234
- Қабылданған күні
- 05.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2023 175258_659361.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22CE00234A
- ЭКБ идентификаторы
- 175258
- Редакция идентификаторы
- 175258_659361
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:21
0 2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Аудан әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсан
№ 234 қаулысына қосымша
2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы
№
р/н
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындары-ның саны (бірлік)
1
«Наурыз-СИМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
37
1
1
2
«Ырғыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі
17
1
1