Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Толебийского района Туркестанской области на 2023 год

Қаулы · № 594 · қабылданған 01.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-175468/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Толебийского района Туркестанской области на 2023 год Күшін жойған Қаулы ·№ 594 ·01.12.2022
02.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Толебийского района Туркестанской области на 2023 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 594 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Толебийского района Туркестанской области на 2023 год
Атауы (қаз.)
2023 жылға Түркістан облысы Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
594
Қабылданған күні
01.12.2022
Көрсетілген редакция
02.10.2023 175468_658629.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22UM00594A
ЭКБ идентификаторы
175468
Редакция идентификаторы
175468_658629
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:29

0

2023 жылға Түркістан облысы Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.

5. «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау және өзге де туындайтын шараларды қамтамасыз ету осы салаға жетекшілік ететін Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дуйсебаевқа және Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Бейсебаеваға жүктелсін.

7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Төлеби ауданы әкімдігінің
«01» «12» 2022 жылғы № 594
қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
р/с
Ұйым атауы
жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
"Фуд Мастер-Шымкент Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
119
0.8
1
2
"Балмуздак" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
200
0.5
1

11 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Төлеби ауданы әкімдігінің
«01» «12» 2022 жылғы № 594
қаулысына 2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
р/с
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін
жұмыс орындарының саны
1
Төлеби ауданы Ленгер қаласы әкімі аппаратының Ленгір Тазалық коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30
3,3
1
2
Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ленгір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
106
0,9
1

12 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота

Төлеби ауданы әкімдігінің
«01» «12» 2022 жылғы № 594
қаулысына 3-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота
р/с
Ұйым атауы
Жұмыс керлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері(% жұмыскер лердің тізімдік саны)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1
Төлеби аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
54
1,8
1
2
Түркістан облысының адами адами әлеуетті дамыту басқармасының «№8 колледж» мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
122
0,8
1
3
Түркістан облысының адами адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
110
0,9
1

Қолданыстағы