Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Толебийскому району Туркестанской области на 2023 год

Қаулы · № 593 · қабылданған 01.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-175470/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Толебийскому району Туркестанской области на 2023 год Күшін жойған Қаулы ·№ 593 ·01.12.2022
28.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Толебийскому району Туркестанской области на 2023 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 593 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Толебийскому району Туркестанской области на 2023 год
Атауы (қаз.)
Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
593
Қабылданған күні
01.12.2022
Көрсетілген редакция
28.09.2023 175470_658662.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22UM00593A
ЭКБ идентификаторы
175470
Редакция идентификаторы
175470_658662
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:29

0 Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша 2023 жылға

мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабын 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2. «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау және өзге де туындайтын шараларды қамтамасыз ету осы салаға жетекшілік ететін Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дуйсебаевқа және Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Бейсебаеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы бойынша ұйымдардың тізімі

Төлеби ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 01 желтоқсандағы
№593 қаулысына қосымша
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін
Төлеби ауданы бойынша ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі(%)
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны
Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны
1
«Ақмаржан LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
90
2
2
1
2
«Жасмина» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
51
2
1
0

Қолданыстағы