Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Таскалинскому району на 2023 год

Қаулы · № 218 · қабылданған 05.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-175500/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Таскалинскому району на 2023 год Күшін жойған Қаулы ·№ 218 ·05.12.2022
18.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Таскалинскому району на 2023 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 218 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Таскалинскому району на 2023 год
Атауы (қаз.)
Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
218
Қабылданған күні
05.12.2022
Көрсетілген редакция
18.09.2023 175500_654941.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZK00218A
ЭКБ идентификаторы
175500
Редакция идентификаторы
175500_654941
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:22

0 Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 «Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» және Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 56 «Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №258 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Тасқала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «5» желтоқсандағы
№ 218 қаулысына қосымша
Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған
мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота
%
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
119
3
3
2
Батыс Қазастан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімінің «Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
93
2
2
3
Батыс Қазастан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімінің «Мерей жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
72
2
1
4
Барлығы
284
6

Қолданыстағы