Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей являющихся выпускниками организаций образования Сарыагашского района Туркестанской области на 2023 год

Қаулы · № 377 · қабылданған 07.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-175514/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей являющихся выпускниками организаций образования Сарыагашского района Туркестанской области на 2023 год Күшін жойған Қаулы ·№ 377 ·07.12.2022
14.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей являющихся выпускниками организаций образования Сарыагашского района Туркестанской области на 2023 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 377 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей являющихся выпускниками организаций образования Сарыагашского района Туркестанской области на 2023 год
Атауы (қаз.)
2023 жылға Түркістан облысы Сарыағаш ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
377
Қабылданған күні
07.12.2022
Көрсетілген редакция
14.08.2023 175514_659241.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22UK00377A
ЭКБ идентификаторы
175514
Редакция идентификаторы
175514_659241
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:15

0

2023 жылға Түркістан облысы Сарыағаш ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  9 бабының  7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3. 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

4. 2023 жылға Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3-тармағының талаптары қатаң сақталсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 377 қаулысына 1-қосымша
2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2185
1%
22
2
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№27 Шәкәрім атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
170
1%
2
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№75 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
128
1%
1
4
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
196
1%
2
5
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№61 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
154
1%
2
6
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
112
1%
1
7
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
138
1%
1
8
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
152
1%
2
Барлығы
3235
33

8 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 377 қаулысына 2-қосымша
2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
«Сарыағаш» Емдеу-оңалту кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
351
1%
4
Барлығы
351
4

9 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 377 қаулысына 3-қосымша
2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
119
1%
1
2
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2185
1%
22
Барлығы
2304
23

Қолданыстағы