Об установлений квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Тарбагатайскому району на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлений квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Тарбагатайскому району на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Тарбағатай ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 698
- Қабылданған күні
- 05.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2022 175560_610256.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22VP00698A
- ЭКБ идентификаторы
- 175560
- Редакция идентификаторы
- 175560_610256
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:18
0 Тарбағатай ауданы бойынша 2023 жылға арналған
мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының» 5) тармағына сәйкес, Тарбағатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тарбағатай ауданының әкімінің 27 мамыр 2019 жылғы №203 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының(нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №132049 болып тіркелген) күші жойылсын.
2 2. Тарбағатай ауданы бойынша ауыр жұмыстарды,еңбек жағдайлары зиянды,қауіпті жұмыстардағы жұмыс орнындарын есептемегенде ,жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота қосымшаға сай белгіленсін.
3 3. «Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болатбек Омарбекұлы Мамарбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота
Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «05» 12
№ 698 қаулысына
қосымша
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота
№
Жұмыс берушінің атауы
Қызметкерлердің
тізімдік саны
(адамдар)
Квота мөлшері (%)
қызметкерлердің
тізімдік санынан)
Жұмыс
орындар
саны
(бірліктер)
1
Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
316
1
1
2
КГКП«Балауса-Балғын бөбекжайы»
70
1
1
3
«Абай атындағы орта мектебі»КММ
108
1
1
4
«М.Әуезов атындағы орта мектебі»КММ
143
1
1
5
«Қ.Билялов атындағы мектеп лицей»КММ
83
1
1