Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 21.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 175611_607524.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NI00182A
- ЭКБ идентификаторы
- 175611
- Редакция идентификаторы
- 175611_607524
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:54
0 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2 2. «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квота
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 182 қаулысына
қосымша
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квота
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Жангелдин ауданының ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
64
2
1
2
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Шоқан Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
121
3
3