Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Кобдинскому району на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Кобдинскому району на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 400
- Қабылданған күні
- 19.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2023 176369_615159.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22CG00400A
- ЭКБ идентификаторы
- 176369
- Редакция идентификаторы
- 176369_615159
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:57
0 2023 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2023 жылға арналған Қобда ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қобда ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «19» желтоқсан
№ 400 қаулысына қосымша
2023 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыс
керлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
Қызмет түрі
Қажетті мамандық
%
адам
1
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
42
2
1
1
Білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
жұмысшы
2
«Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
40
2
1
1
Шығармашылық, өнер саласындағы қызмет
жұмысшы
3
«Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
17
2
1
1
Әлеуметтік қамсыздандыру
хатшы
4
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
90
2
1
1
Денсаулық сақтау
жұмысшы
5
«Қобда ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
14
2
1
1
Әлеуметтік қамсыздандыру
жұмысшы