Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся без попечения родителей до достижения совершеннолетия, являющихся выпускниками организаций образования по Кобдинскому району на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся без попечения родителей до достижения совершеннолетия, являющихся выпускниками организаций образования по Кобдинскому району на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға Қобда ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 399
- Қабылданған күні
- 19.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2022 176371_610628.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22CG00399A
- ЭКБ идентификаторы
- 176371
- Редакция идентификаторы
- 176371_610628
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:56
0 2023 жылға Қобда ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2023 жылға Қобда ауданы бойыншаата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қобда ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «19» желтоқсандағы
№ 399 қаулысына қосымша
2023 жылға Қобда ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыс
керлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
Қызмет түрі
Қажетті мамандық
%
адам
1
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
42
2
1
1
Білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
жұмысшы
2
«Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
40
2
1
1
Шығармашылық, өнер саласындағы қызмет
жұмысшы
3
«Қобда ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
14
2
1
1
Әлеуметтік қамсыздандыру
жұмысшы