Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 398
- Қабылданған күні
- 19.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2023 176372_624826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22CG00398A
- ЭКБ идентификаторы
- 176372
- Редакция идентификаторы
- 176372_624826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:57
0 2023 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2023 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қобда ауданы әкімдігінің
20____жылғы «__»______
№__қаулысына
қосымша
2023 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыс
керлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
Қызмет түрі
Қажетті мамандық
%
адам
1
«Қобда су» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорыны
40
2
1
1
Суды жинау,
өңдеу және тарату
жұмысшы
2
«Қобда жер» ЖШС
15
2
1
1
Ауыл шаруашылығы
жұмысшы
3
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ
30
2
1
1
Газ тарату, жөндеу қызметі
жұмысшы