Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2023 год

Қаулы · № 159 · қабылданған 22.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-176629/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 159 ·22.12.2022
22.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 159 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2023 год
Атауы (қаз.)
Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
159
Қабылданған күні
22.12.2022
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2023
Көрсетілген редакция
22.12.2022 176629_612390.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZI00159A
ЭКБ идентификаторы
176629
Редакция идентификаторы
176629_612390
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:49

0 Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаратөбе ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде белгіленсін:

осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде.

2 2. «Қаратөбе ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның реми жариялануын және Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2022 жылдың «22 » желтоқсандағы
№159 қаулысына 1-қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің
тізімдік саны
Квотаның мөлшері(%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қаратөбе аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
233
2
1
2.
«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
125
2
1

6 Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2022 жылдың «22 » желтоқсандағы
№159 қаулысына 2-қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
125
2
1

7 Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2022 жылдың «22 » желтоқсандағы
№159 қаулысына 3-қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің
тізімдік саны
Квотаның мөлшері(%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қаратөбе ауданының балалар –жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
21
1
1

Қолданыстағы