Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Казталовскому району на 2023 год

Қаулы · № 293 · қабылданған 21.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-176793/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Казталовскому району на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 293 ·21.12.2022
21.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Казталовскому району на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 293 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Казталовскому району на 2023 год
Атауы (қаз.)
Казталов ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
293
Қабылданған күні
21.12.2022
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2023
Көрсетілген редакция
21.12.2022 176793_612152.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZH00293A
ЭКБ идентификаторы
176793
Редакция идентификаторы
176793_612152
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:53

0 Казталов ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Казталов ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлердің тізімдік санынан ұйымдар үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін.

2 2. Казталов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №324 «Казталов ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж.Темірғалиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Казталов ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Казталов ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 293 қаулысына 1- қосымша
Казталов ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері (%)
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді
дамыту, дене шынықтыру және спорт
бөлімінің «С.Садықов атындағы Казталов
аудандық мәдени демалыс орталығы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
239,5
1
2
2
«Батыс Қазақстан облысы Казталов
ауданы әкімдігінің Казталов
мемлекеттік коммуналдық шаруашылық
жүргізу құқығындағы кәсіпорыны»
86
1
1
Барлығы
325,5
1
3

7 Казталов ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Казталов ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 293 қаулысына 2 - қосымша
Казталов ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері (%)
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны»
86
1
1
Барлығы
86
1
1

8 Казталов ауданы бойынша 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Казталов ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 293 қаулысына 3 - қосымша
Казталов ауданы бойынша 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның мөлшері (%)
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Казталов ауданының білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
123
1
1
2
«Казталов ауданының білім беру бөлімінің К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
105
1
1
Барлығы
228
1
2

Қолданыстағы