Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2023 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Сарыкольского района

Өзге акт · № 257 · қабылданған 30.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-177337/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О предоставлении в 2023 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Сарыкольского района Қолданыста Өзге акт ·№ 257 ·30.12.2022
30.12.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2023 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Сарыкольского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 257 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2023 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Сарыкольского района
Атауы (қаз.)
2023 жылы Сарыкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
257
Қабылданған күні
30.12.2022
Көрсетілген редакция
30.12.2022 177337_614527.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NQ00257M
ЭКБ идентификаторы
177337
Редакция идентификаторы
177337_614527
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:55

0

2023 жылы Сарыкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. 2023 жылы Сарыкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ұсынылсын:

1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

2 2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.

3

3. Сарыкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне осы шешімнің 1-тармағында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулер ескеріле отырып ұсынылатыны белгіленсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы