Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по Казталовскому району

Қаулы · № 288 · қабылданған 12.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-177854/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по Казталовскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 288 ·12.12.2022
28.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по Казталовскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 288 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по Казталовскому району
Атауы (қаз.)
2023 жылға Казталов ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
288
Қабылданған күні
12.12.2022
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2023
Көрсетілген редакция
28.08.2023 177854_673949.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZK00288A
ЭКБ идентификаторы
177854
Редакция идентификаторы
177854_673949
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:06

0 2023 жылға Казталов ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2023 жылға ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Казталов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №323 «2022 жылға Казталов ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (2021 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

6 2023 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Казталов ауданының ұйымдарының тізбесі

Казталов ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 12желтоқсандағы
№ 288 қаулының қосымшасы
2023 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Казталов ауданының ұйымдарының тізбесі

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері %
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Казталов ауданының білім беру бөлімінің Бірік орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
2
2
2.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Казталов ауданының білім беру бөлімінің Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
74
2
1
3.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Казталов ауданының білім беру бөлімінің Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
70
2
1
БАРЛЫҒЫ
224
4

Қолданыстағы