Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 15.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2022 178076_615213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21TG00226A
- ЭКБ идентификаторы
- 178076
- Редакция идентификаторы
- 178076_615213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:58
0 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күніннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 2023 жылға арналған Мақат ауданында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Мақат ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «15» желтоқсандағы
№ 226 қаулысына қосымша
2023 жылға арналған Мақат ауданында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымдар атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
Оның ішінде 2023 жылға
1
Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің «Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
100
3%
3
1
2
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
65
2%
1
1