Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2023 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 25.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2023 178485_617319.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23E000125A
- ЭКБ идентификаторы
- 178485
- Редакция идентификаторы
- 178485_617319
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:33
0 Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2023 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2023 жылға арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды атқарсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2023 жылға арналған шекті мәндері
Шымкент қаласы әкімдігінің
«___» _________ 2023 жылғы
«____» қаулысына қосымша
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2023 жылға арналған шекті мәндері
№
Тауарлар атауы
Өлшем бірлігі
Бірінші тоқсан
(теңге)
Екінші тоқсан
(теңге)
Үшінші тоқсан
(теңге)
1
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
килограмм
458
475
477
2
Бірінші сортты бидай ұны
килограмм
210
217
219
3
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
килограмм
709
747
768
4
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
килограмм
173
177
179
5
Рожки (өлшеніп салынатын)
килограмм
401
409
443
6
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
килограмм
2510
2521
2668
7
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
килограмм
1271
1350
1424
8
Пастерленген сүт, майлылығы
2,5 %, жұмсақ қаптамада
литр
308
308
329
9
Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада
литр
355
364
372
10
Сүзбе: майлылығы 5-9 %
килограмм
2182
2246
2282
11
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
дана
43,5
41
41,9
12
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
килограмм
3465
3620
3714
13
Күнбағыс майы
литр
888
962
1025
14
Ақ қауданды қырыққабат
килограмм
105
58
73
15
Басты пияз
килограмм
148
168
128
16
Асханалық сәбіз
килограмм
175
260
184
17
Картоп
килограмм
168
190
151
18
Ақ қант - құмшекер
килограмм
556
628
625
19
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа)
килограмм
49
49
49