Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объема бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объема бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 15.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2023 178694_619417.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23N0009937
- ЭКБ идентификаторы
- 178694
- Редакция идентификаторы
- 178694_619417
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:23
0 2023 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялардың нормалары;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2023 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
Қостанай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 62 қаулысына
1-қосымша
2023 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге
1
Күнбағыс
22 000
2
Қарақұмық
15 700
8 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
Қостанай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 62 қаулысына
2-қосымша
2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі,
мың теңге
1
Жергілікті бюджет
1 130 404,0