Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Акжаикскому району на 2023 год

Қаулы · № 251 · қабылданған 30.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-178792/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Акжаикскому району на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 251 ·30.12.2022
30.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Акжаикскому району на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 251 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Акжаикскому району на 2023 год
Атауы (қаз.)
Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
251
Қабылданған күні
30.12.2022
Көрсетілген редакция
30.12.2022 178792_620225.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZB00251A
ЭКБ идентификаторы
178792
Редакция идентификаторы
178792_620225
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:51

0 Ақжайық ауданы бойынша

2023 жылға арналған мүгедектігі
бар адамдар үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 54 «Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «30» желтоқсандағы
№ 251 қаулысына қосымша
Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы,
%
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
72
2
1
2
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Талап" мектеп-бөбекжай» кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
84
2
1
3
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Қаршы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
78
2
1
Барлығы
3

Қолданыстағы