Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2023 год

Қаулы · № 51 · қабылданған 14.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-179087/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 51 ·14.03.2023
05.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 51 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2023 год
Атауы (қаз.)
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51
Қабылданған күні
14.03.2023
Көрсетілген редакция
05.12.2023 179087_700943.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23F0003318
ЭКБ идентификаторы
179087
Редакция идентификаторы
179087_700943
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:13

0 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының

өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

7 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялардың көлемдері

Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 51 қаулысымен
бекітілді
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
р/c

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірл-
ікке арна-
лған субсиди-
ялар норм-ативтері, теңге
Жергілікті бюджет
Үкіметтің резервтегі бюджеті
Субси-ди-яла-натын көлем
Субси-ди-ялар көлемі, теңге
Субси-дия-ланатын көлем
Субси-дия-лар көлемі, теңге
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
1.1.
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
Бас/
шағылыстыру маусымы
10 000
80 490
804 900 000
51 387
513 870 000
1.2.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
15 000
51 387
770 805 000
26 128
391 920 000
2.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
Бас/
шағылыстыру маусымы
100 000
359
35 900 000
5
500 000
3.
Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу
Сатып алынған бас
150 000
3 602
540 300 000
229
34 350 000
4.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
4.1.
Отандық
Сатып алынған бас
150 000
6 641
995 920 000
5 731
859 650 000
5.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату
Тірідей салмағы килограмм
200
654 132
130 826 400
0
0
Барлығы:
3  278 651 400
1 800 290 000
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Сүт өндіру құнын арзандату:
1.1.
Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар
Өткізілген немесе өңделген килограмм
45
3 881 779
174 680 070
1 399 156
62 962 210
1.2.
Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар
30
5 378 157
161 344 710
1 545 729
46 371 870
1.3
Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылықтар
20
0
0
9 970
199 400
1.4.
Ауыл шаруашылығы кооперативі
20
3  173 012
63 460 240
0
0
Барлығы:
399 485 020
109 533 480
Етті құс шаруашылығы
1.
Құс етін өндіру құнын арзандату:
1.1.
5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
Өткізілген килограмм
60
11 855 318
711 319 080
9 263 017
555 781 020
Барлығы:
711 319 080
555 781 020
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
60
30 000
1 800 000
0
0
Барлығы:
1 800 000
Қой шаруашылығы
1.
Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау
Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы
1 500
25 808
38 712 000
0
0
2.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
2.1.
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
Бас/
шағылыстыру маусымы
4 000
156 117
624 468 000
51 151
204 604 000
2.2.
Қойлардың тауарлық аналық басы
2 500
122 623
306 557 500
36 983
92 457 500
3.
Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
Сатып алынған бас
15 000
43 199
647 985 000
6 594
98 910 000
Барлығы:
1 617 722 500
395 971 500
Жылқы шаруашылығы
1.
Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу
Сатып алынған бас
100 000
9
900 000
0
0
Барлығы:
900 000
Балара шаруашылығы*
1.
Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
Балара ұясы/маусым
5 000
6 124
30 620 000
0
0
Барлығы:
30 620 000
Жиыны сома:
6 040 498 000
2 861 576 000
Ескертпе:
Жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды, ірі қара малдың және қойлардың эмбриондарын сатып алу бекітілген нормативтерге сәйкес субсидияланады, ал бекітілген нормативтен сатып алу құнының жартысы асып кеткен жағдайда, субсидиялау сатып алу құнының 50% - ына тең мөлшерде жүзеге асырылады.
Сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 100%-на дейін субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтерден аспайды.
Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/тұқымдық қошқарларды тауарлық табынға/отарға одан әрі жалға беру кезінде өтінім беруші етті мал шаруашылығындағы/қой шаруашылығындағы оператор болып табылады. Аналық мал басына арақатынасты есептеу бір тұқымдық аталыққа (асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарды қоспағанда) кемінде 13 аналық басты құрайды және 25 аналық мал басынан аспайды.
Асыл тұқымды тұқымдық айғырлар мен тұқымдық түйелерді сатып алу аналық мал басы бар болған кезде субсидияланады. Аналық мал басының арақатынасын есептеу бір тұқымдық аталыққа кемінде 8 аналық басты құрайды және 15 аналықтан аспайды.
* - «Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу» бағыты жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

Қолданыстағы