Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год

Қаулы · № 200 · қабылданған 16.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-179124/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 200 ·16.01.2023
16.01.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 200 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год
Атауы (қаз.)
2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
200
Қабылданған күні
16.01.2023
Көрсетілген редакция
16.01.2023 179124_621878.kaz
Соңғы өзгеріс
16.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23FB00200A
ЭКБ идентификаторы
179124
Редакция идентификаторы
179124_621878
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:40

0 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2023 жылға арналған Курчатов қаласы ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. «Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Ю. Глазинский) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мелекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет – ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

7 Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квотасы

Кучатов қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «16» қаңтардағы
№ 200 қаулысына қосымша
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квотасы
№ р/т
Ұйымдар атауы
Жұмысшылардың тізімдік саны
Белгіленген квота мөлшері
%
адам
1
«Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
92
2
2
2
«Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің № 4 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
83
2
2
3
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
90
2
2
4
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
153
3
5
Барлығы:
418
11

Қолданыстағы