Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 563
- Қабылданған күні
- 15.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2023 179251_622650.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23E0016917
- ЭКБ идентификаторы
- 179251
- Редакция идентификаторы
- 179251_622650
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:12
0 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
7 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «15» наурыздағы
№ 563 қаулысына қосымша
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі
мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидия түрлері
Өлшем бірлігі
Балық өндіру көлемі
Субсидияланатын азық көлемі
Субсидия сомасы (теңге)
1
2
3
4
5
6
1
Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін)
килограмм
115 079,37
138 095,2
29 000 000