Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2023 год по Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2023 год по Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 14.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2023 179846_675253.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23M0454612
- ЭКБ идентификаторы
- 179846
- Редакция идентификаторы
- 179846_675253
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:49
0 Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
5 Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2023 жылғы 14 сәуірдегі
№ 35
қаулыға қосымша
Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Қосымша білім беру бағыттарының түрлері
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны
Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
1
Ғылыми-техникалық
1190
13168
2
Туризм және өлкетану
220
13168
3
Экологиялық-биологиялық
230
13168
4
Көркемдік-эстетикалық
455
13168
5
Әлеуметтік-педагогикалық
665
13168
6
Гуманитарлық
1000
13168
7
Жаратылыстану-математикалық
1240
13168
Барлығы
5000
-