Құжат мәтініне өту

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2023 год

Қаулы · № 284 · қабылданған 12.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-179925/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 284 ·12.04.2023
12.04.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 284 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2023 год
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2023 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
284
Қабылданған күні
12.04.2023
Көрсетілген редакция
12.04.2023 179925_660242.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000284
ЭКБ идентификаторы
179925
Редакция идентификаторы
179925_660242
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:53

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2023 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне 2023 жылға арналған кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктер заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;

3 3) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

1 1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мәслихаттардың 2023 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынсын;

2 2) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасассын;

3 3) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ыкүнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат беріп тұрсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2023 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы «__» ________
№ ___ қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2023 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары

1 1. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

1

1) «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 008 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 2435659000 (екі миллиард төрт жүз отыз бес миллион алты жүз елу тоғыз мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 (жеті) жыл мерзімге беріледі;

2 2) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) айдан аспауға тиіс;

3 3) бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушылар 28 (жиырма сегіз) айды құрайтын жеңілдік кезеңі өткеннен кейін 2025 жылдан бастап тең үлестермен жүзеге асырады;

4 4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2023 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

_____________________________

Қолданыстағы