Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Алматинской области на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Алматинской области на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 11.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2023 181439_751351.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23D0599805
- ЭКБ идентификаторы
- 181439
- Редакция идентификаторы
- 181439_751351
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:09
0 Алматы облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекітілсін.
2 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Алматы облысы әкімдігінің
2023 жылғы 11 мамырдағы № 151
қаулысына қосымша
2023 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Бюджет түрі
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)
оның ішінде (мың теңге)
бірегей тұқымдар
элиталық тұқымдар
бірінші репродукция тұқымдары
бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
Жергілікті
616 975,0
5 594,5
30 996,4
50 907,9
529 476,2
Барлығы
616 975,0
5 594,5
30 996,4
50 907,9
529 476,2