О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 250
- Қабылданған күні
- 02.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2023 182511_672095.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032683
- ЭКБ идентификаторы
- 182511
- Редакция идентификаторы
- 182511_672095
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:35
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 250 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған
стипендиясын министрліктер арасында бөлу
№
Мемлекеттік орган
Стипендия
студенттерге
магистранттарға
1.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
1 005
7
2.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және мәдениет министрлігі
20
1
3.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
4
4.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
6
5.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
45
Барлығы
1080
8