Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 08.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2023 I182805_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23I0003919
- ЭКБ идентификаторы
- 182805
- Редакция идентификаторы
- I182805_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:28
0 2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған:
1 1) 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2 2) 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
8 Жетісу облысы әкімдігінің
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 171 қаулыға 1- қосымша
2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған субсидиялар нормасы, теңге
1
Қант қызылшасы
25 000
2
Дәндік жүгері
6 000
3
Майлы дақылдар (майбұршақ, күнбағыс, мақсары, рапс)
6 000
4
Қарақұмық
8 000
9 Жетісу облысы әкімдігінің
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 171 қаулыға 2- қосымша
2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
Облыс атауы
Бюджеттік қаражат көлемі, теңге
1.
Жетісу облысы
8 444 000 000
Барлығы
8 444 000 000